Қазақстанның шағын және орта қалаларынан шыққан жаңадан бастаған диджитал-мамандар үшін тегін үйрету және тағылымдамадан өту
JAS командасының коммерциялық емес жобасы
Бізге тәжірибесі жоқ креативті жұмыс іздеушілер жиі жазады. Егер Алматы немесе Астанада оларға мүмкіндіктер көп болса, ал шағын қалаларда айтарлықтай аз. Сондықтан біз нақ соларға көмектескіміз келеді.
Тағылымдамаға қатысушыларды конкурс бойынша іріктейміз. Үйретіп, тәжірибемізбен бөлісіп, агенттіктің қазіргі кейстері бойынша жұмыс жасап көруді ұсынамыз.
☞ Барлығы — 10 орын
☞ Қатысушылардың жасы 18 жастан бастап
☞ Қазақстанның орта және шағын қалалары қатысушыларының басымдығы бар
☞ Тегін үйретіп, көмектесіп жүреміз
Біз туралы
JAS [қазақша «жас»] — тәуелсіз қазақстандық диджитал байланыс агенттігі. Біздің миссиямыз — Қазақстанда диджитал
мәдениет пен нарықты дамыту.
1
4 жыл
халықаралық және жергілікті серіктестермен бірге жұмыс істейміз
2
150+
Диджитал коммуникациялар, дизайн, продакшн және арнайы жобалар бойынша іске асырылған кейстер саны
3
6 бағыт
SMM, продакшн, дизайн, арнайы жобалар, TikTok, трафик
Біздің клиенттер
Біз 4 жылдан астам уақыт бойы диджитал байланыс арналарымен жұмыс істеп келеміз. Бұларға әлеуметтік желілер, сайттар, іздеу жүйелері, email-хаттар, қолданбалар және тағы да басқалары кіреді.
Біз 4 жылдан астам уақыт бойы цифрлық байланыс арналарымен жұмыс істеп келеміз. Бұларға әлеуметтік желілер, сайттар, іздеу жүйелері, email-хаттар, қолданбалар және тағы да басқалары кіреді.
Өтінімдер мен мотивациялық хатты қабылдау 16 маусымға дейін, ал қысқаша сұхбат пен тағылымдамадан өтушілерді іріктеу 23 маусымға дейін
2
25 маусым – 9 шілде 2 апталық теория
Мәтін жазу, дизайн, тарату және тағы да басқа тақырыптар бойынша кіріспе дәрістер
3
10 шілде 3 апталық практика
Агенттіктің практикалық тапсырмалары бойынша командада жұмыс істеу
4
24 шілде - 30 шілде Жұмысқа орналасу бойынша кеңестер
Түйіндеме рәсімдеу, сұхбатқа дайындау
5
31 шілде Онлайн-бітіру кеші
Сертификаттар мен естелік сыйлықтар жібереміз
Тағылымдама бағдарламасы
Диджитал коммуникацияларға кіріспе
Алёна Хегай, серіктес және креативті директор
Әлеуметтік желілердегі контентпен жұмыс (дизайн)
Алина Молдакул, арт-директор
Әлеуметтік желілердегі контентпен жұмыс (копирайтинг)
Алима Пардашева, копирайтер
Диджиталда контент тарату: таргет және инфюенсерлер
Алма Урустемова, JAS негізін қалаушы және басқарушы директоры; Игорь Перфильев, трафик-менеджер
Әлеуметтік желілердегі қоғамдастықтарды басқару
Лаура Сыздыкова, комьюнити-менеджмент бөлімінің жетекшісі
Фото және видеоконтентті қалай жасауға болады
Дария Питиримова, продакшн бөлімінің жетекшісі
Осы салада жұмысқа орналасу: өтінімді қалай беру қажет
Жанна Тимурова және Валерия Володченко, HR-менеджерлер
Агенттік командасында практика мен жұмыс істеу
Валерия Володченко, HR-менеджер
Онлайн-бітіру кеші және сертификаттар беру
Процесс
☞ Шағын сауалнама мен тестті толтыр Бұл шамамен 20 минутты алады
☞ Біздің HR-мен қысқаша сұхбат өт
23 маусымға дейін 10 адамды таңдап, JAS тағылымдамасына шақырамыз ⚡
FAQ
Жиі қойылатын сұрақтар
Бізге тәжірибесі жоқ креативті жұмыс іздеушілер жиі жазады. Егер Алматы немесе Астанада бірнәрсені бастауға мүмкіндік көп болса, ал шағын қалаларда айтарлықтай аз. Сондықтан біз нақ соларға көмектескіміз келеді.
Тағылымдама толығымен қашықтан өтеді. Ол онлайн түрде болады. Сенің тек ноутбук / дербес компьютер және тұрақты интернетің қажет.
Жоқ, барлығы тегін.
Өтінімдерді 16 маусымға дейін қабылдаймыз. Барлық өтінімдерді қарап шығып, қысқаша онлайн-сұхбат өткізіп, 23 маусымға дейін өткендерге хабарласамыз.
Біз үшін сапа маңызды. Сондықтан іріктеу конкурс бойынша өтеді. 10 адам — қазір бізден үйреніп, бағыт-бағдар ала алатын қатысушылар саны.
18 жастан асуың қажет. Жоғарғы шек жоқ.
2023 жылдың 23 маусымы.
Тағылымдама 5 аптаға созылады: 2 апталық теория және 3 апталық практика.
Жоқ, тағылымдамаға төлемейміз. Бірақ біз сені толығымен тегін үйретіп, қадағалаймыз.
Иә, сенде толық емес жұмыс уақыты болады. Бос уақытыңда оқи алсаң, онда қатар алып жүруге болады.
Барлығы өзіңе байланысты! Тағылымдама кезінде өзіңді жақсы көрсетсең, ал бізде кіші маманның орны бос болса, мүмкін сені шақырып қалармыз. Сондай-ақ үздік тағылымдамашыларға ұсынымхат жазып бере аламыз.
Өтінімді қалдырғаннан кейін саған қысқаша сұхбаттан өту үшін хабарласамыз. Өтінімді қайта-қайта қалдырудың қажеті жоқ 🙂 Іріктеу мен кері байланыс шарттары бойынша сұрақтарды hr@jas.agency поштасына жазуға болады.